Банкрот болған азаматтарға қандай жеңілдік жасалады

Алдағы уақытта банкроттық туралы өтініш беру рәсімі жеңілдетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдарға мемлекеттік көмек қарастырылады. Банкпен бітімге келу мүмкіндігі енгізіледі. Банкрот болған азаматтар қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан міндетті түрде өтуі мүмкін. Мұның бәрі «Азаматтардың төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасына енгізілді. Құжат Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен талқыланды. Алдағы уақытта 21 заңнамалық актіге өзгеріс пен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.