Ресейден Ақтөбеге жетуі тиіс 35 вагон бидай әлі шекарада тұр

Ресейдің бидай экспортын тоқтатуы Ақтөбедегі ұн комбинатының жұмысын қиындатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің батыс өңіріндегі ірі кәсіпорын наурыз айында көршілес мемлекеттен 35 вагон бидай алуға тиіс еді. Алайда тауар Орынбор облысында иіріліп тұр. Келісімшартқа сай шикізат 14 наурыз күні Қазақстанға келуі керек еді. Енді өндіріс орны қамбадағы жергілікті қордың бидайын тартып жатыр. Тауар тасымалы жақын арада қайта жанданбаса, комбинат жұмысы одан сайын қиындай түседі. Себебі өндірісте қолданылатын шикізаттың 70 проценті Ресейден жеткізіледі.