Қазақстан ОПЕК+ бойынша өз міндеттемелерін өндіруді қысқарту есебінен өтейді

Энергетика министрлігі Қазақстанның ОПЕК+ бойынша міндеттемелерін өндіруді қысқарту есебінен өтейтінін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалындағы қалпына келтіру жұмыстарына байланысты Қазақстанның жоғалған өндіру көлемі 2022 жылғы сәуір айының соңына дейін жөндеу кезеңінде тәулігіне шамамен 320 мың баррельді (1,3 млн тонна) құрауы мүмкін, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство бұл қысқарту ОПЕК+ бойынша серіктестермен өзара іс-қимыл шеңберінде өтемақы жоспарының бөлігі ретінде қарастырылады деп хабарлады.

Маусым-шілде айларында НСОС объектілерінде күрделі жөндеу жүргізуді ескере отырып, Қазақстан маусым айының соңына қарай ОПЕК+ келісімі шеңберінде өндіруді шектеу бойынша өз міндеттемелерін толық өтейді, деп жазды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.