Елімізден бидай экспортын шектеу керек – Депутат

Елімізден бидай экспортын шектеу керек.

Бүгін Мәжіліс депутаты Айбек Паяев Үкіметке осындай сауал жолдады.

Айтуынша, егін жинау басталғанда шетелдіктер қазақстандық бидайды ешқандай салық төлемей сатып алады. Салдарынан отандық ұн тартатын зауыттар 6 жыл бойы жұмыссыз отырады. Мәселені шешу үшін отандық диірмендер ресейлік қымбат бидайды сатып алып, соны өңдеуге мәжбүр.

Айбек Паяев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгін мемлекетке бидай шығарып, соны баж салығы арқылы бюджетке қосымша ақша түсіруге болады. Ол бір. Өзіміздің диірменшілерге бидай көбірек кететін болады. Шикізаттан гөрі мемлекетке соңғы өнім сатқан әлдеқайда көп пайда әкеледі.