Қаңтарда қираған нысандарды жөндеуге тағы 10 млрд теңге бөлінеді

Қаңтарда қираған нысандарды жөндеуге тағы 10 млрд теңге бөлінеді

Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева жаңа заң жобасын таныстыру кезінде осылай мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаңтар оқиғасының салдарын жоюға 31 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде Алматы қаласы мен өзге өңірлерде зардап шеккен шағын және орта бизнес субьектілеріне 21 млрд теңге қарастырылған. Оның айтуынша, жалпы биыл шағын және орта бизнесті қолдауға 45 млрд теңгенің қолдауы көрсетілмек. Оның 24 млрд теңгесі бүгінге дейін Үкімет резервінен бөлініп қойған.

Татьяна Савельева ҚР қаржы министрінің орынбасары :

– Әкімшілік, әлеуметтік, коммуналдық нысандарды, инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге 10 млрд теңге бағыттау ұсынылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, инфрақұрылымды қалпына келтіруге жалпы жиыны 22 млрд теңге қажет. Оның 12 млрд теңгесі Үкімет резервінен бұған дейін бөлінген. Қалған 37 млрд теңге Үкімет резеревінде қарастырылған. Құжаттар дайын болғанда бөлінеді. Алматы қаласындағы Президент резиденциясы мен ғимараттарды сүруге 6 млрд теңге бөлу жоспарланған.