Ұлттық банк доллар, еуроны сатып алу кезіндегі ауытқу шегін белгіледі

Ұлттық банк шетел валютасын теңгеге сатып алу-сату бағамынан ауытқуының белгіленген шекті мөлшерін бекітті.

Құжатпен уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегінің рұқсат етілетін мәндері бекітілді.

Шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шек мөлшері 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылу мерзімімен АҚШ доллары үшін 15 теңге, еуро үшін – 20 теңге. Белгіленген шектеулер қолма-қол ақшасыз жүргізілетін айырбастау операцияларына қолданылмайды.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық банкінің сайтында танысуға болады.