Азық-түлік инфлияциясы 15%-тен асып кетті – Ғалымжан Пірматов

Бұл өсім әлемдегі геосаяси ахуалға байланысты боп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі инфляция деңгейі 12 процентке өскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3%-ке артық. Мұндай көрсеткіш 2016 жылдан бері байқалмаған. Бұл туралы Ұлтық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, азық-түлік инфлияциясы 15%-тен асып кеткен. Бағаның өсуіне қырыққабат, қант, картоп, қызанақтың қымбаттауы әсер етті. Сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тауарлар да наурызда  қымбаттаған. Оған теңге бағамының әлсіреуі ықпал етті.