Еуразиялық одақ елдері дағдарысқа қарсы шаралардың үшінші пакетін бекітті

Еуразиялық экономикалық одақ елдері экономиканы тұрақтандыру үшін Еуразиялық экономикалық комиссия кедендік-тарифтік шаралардың үшінші топтамасын бекітті.

Кеңесте маңызды импорттық тауарлар бойынша кедендік алымдарды уақытша алып тастау ұсыныстары қарастырылды. Мәселе 300 өнімге қатысты. Олардың ішінде автокөлік бөлшектері мен мен құрал-жабдық, қағаздың кейбір түрлері және бұршақ тектес дақылдар бар. Комиссия шекарадан алымсыз алып өтуге болатын жүк мөлшерін де арттырды. Шешімге сай енді Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей азаматтары 1 мың доллар және салмағы 31 келіге дейін жүкті еш алымсыз өткізе алады. Егер бұл мөлшерден асса тауардың 30 процент құнынан алым алынады. Комиссия шара санкциялық қысым кезінде одаққа мүше елдердің азаматтарын қолдауға бағытталғанын айтады. Шара 1 қазанға дейін қолданылмақ.