Қазақстан мен Омбының тауар айналымы 380 млн доллардан асты

Қазақстан мен Омбының тауар айналымы 380 млн доллардан асты
Хабар 24

Алдағы уақытта көрші елдің осы облысы және еліміздің бірқатар өңірі сауда, машина жасау, көлік және ауыл шаруашылығы салаларында өзара тиімді ынтымақтастық орнатпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Омбы облысының губернаторы Александр Бурковтың кездесуінде айтылды. Президент өз сөзінде қазақ халқы көп тұратын шекаралас аймақтың маңызы зор екенін ерекше атап өтті.