Инвестиция тарту ісі сылбыр – Әлихан Смайылов

Мемлекеттік органдарда мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуде сын-тегеуріндер бар. Артта қалған орталық мемлекеттік органдар мен өңірлер осыған назар аударуы керек. Инвестициялық штаб отырысында Премьер-министр осылай деді.

Әлихан Смайылов негізгі капиталға инвестиция тартуды жандандыру керек дейді. Бұған министрлер мен әкімдер тікелей жауапты екенін ескертті. Мәселен, былтыр мәдениет және спорт, денсаулық сақтау министрліктері инвестиция тартуда сылбырлық танытқан. Биыл бұл олқылық жойылуы тиіс деді Үкімет басшысы.