ЕҚДБ елімізге 558 млн еуро инвестиция салды

Былтыр Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстан бойынша 558 млн еуро көлемінде инвестиция салды. Оның 40%-ке жуығы жасыл экономикаға бағытталған. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен банк вице-президенті Алан Пию арасындағы болған кездесу кезінде айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онлайн-келіссөз барысында тараптар Қазақстандағы қазіргі жағдайды және ел үкіметінің банк секторына қатысты қысқа мерзімді іс-қимыл жоспарын талқылады. Отандық банк секторының елеулі капитал қоры бар. Бұл теріс факторларға қарамастан банктерге тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Мәселен биыл жыл басынан бері банктердің жиынтық активтері 148 млрд теңгеге артып, 37,8 трлн теңгені, ал меншікті капитал 96 млрд теңгеге өсіп, 4,6 трлн теңгені құрады.