Қазақстан экспортын ұлғайтуға дайынбыз – Әлихан Смайылов

Бішкекте Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық Кеңесінің оныншы отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар сауда-экономикалық, су-энергетикалық, көлік-логистикалық, өндірістік және инвестициялық салаларда екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқыға салды. Басқосу қорытындысы бойынша, GFC Бішкек компаниясын құру келісіміне қол қойылды. Яғни Астана халықаралық қаржы орталығы және Қырғызстанның бірнеше банкінің қатысуымен бірлескен компания құруды қарастырып отыр. Кездесу нәтижелерін қорытындылаған Қазақстан Премьер-министрі қос ел арасында тауар айналымын арттыру мәселесіне тоқталды.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

- Бұл мақсатқа жету үшін өзара сауда номенклатурасын кеңейтуді ұсынып отырмыз. Жаңа 190 тауарды қосып, Қазақстан экспортын ұлғайтуға дайынбыз. Қарасу - Ақ-Тілек өткелінде өндірістік-логистикалық орталықты құру бойынша жұмысты үдейтіп, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тасымалданатын тауарларға элетронды шот-фактураларды ендіру арқылы көлеңкелі тауар айналымымен күресті күшейту қажет.