Елімізде долларға сұраныс азайды

Ұлттық банк сәуірде интервенция жүргізген жоқ. Сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе өзге де активтерді шетел валютасына сату, сатып алу бойынша операция жасамады.

Десе де, теңге долларға шаққанда 4,6 процентке нығайып, орташа 445 доллар шамасында саудаланды. Орталық банктің мәліметіне қарағанда сәуірде долларға сұраныс азайған. Бір күндік сауда 179 миллион доллардан 92 миллион долларға дейін азайды. Сондай-ақ теңгенің нығаюына үкіметке қарасты компаниялардың шетел валютасында тапқан кірісінің бір бөлігін ішкі нарыққа сатуы оң әсер еткен. Бұл компаниялар нарыққа 253 миллион доллардай шығарған.