Қазақстанның мұнай-газ саласын демонополизация ету

Өнім сапасын арттыру мақсатында шағын мұнай зауыттарына қойылатын техникалық талап күшеюге тиіс.

Сонымен қатар регламентке сәйкес келмейтін өнім шығарғаны үшін зауытқа салықтық және кедендік жеңілдік берілмеуі керек.

Премьер-министрдің төрғалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында осындай ұсыныстар қаралды. Жанар-жағармайды жөнелту кезінде теміржол қызметінің құны негізсіз шарықтап кетеді. Осы ретте жекелеген компаниялардың бассыздығына жол бермеу үшін тарифтерді төмендету ұсынылды. Сондай-ақ нарықтың қатысушылары үшін зауыттардағы мұнай өнімдерін сақтаудың бірыңғай ережесі бекітілуге тиіс. Әлихан Смайылов энергетика министрлігіне осыны әзірлеуді тапсырды. Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға бағалық сөз байласуға әкелетін жағдайларды анықтауды және қажетті нарық тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.