470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Үкімет басшысы азық-түлік бағасын реттеуді тапсырды

  • 146
  • UPD: 17:25, 10.05.2022
Үкімет басшысы азық-түлік бағасын реттеуді тапсырды

Азық-түлік бағасын қолдан өсірген әккі саудагерлерге қатысты 400-ден астам заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде үстеме баға 15% төмендетілді. Жергілікті атқарушы органдар тек ірі сауда орындарын ғана емес үй маңындағы 33 мың дүкендерге де тескеріс жүргізген. Өңірлер бойынша ең жоғары баға өсімі Қарағанды облысында тіркелді. Онда азық-түлік бағасы бір аптаның ішінде 0,4 процентке қымбаттаған. Бірақ өзге 11 өңірде де  баға өсімі байқалады. Бұл мәселелер бүгін Үкіметте өткен жиында айтылды. Премьер-министр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін қолдан келгенше әрекет етуді тапсырды.

Әлихан Смайылов ҚР Премьер-министрі:

– Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 15,01 процентке қымбаттады. Сәйкесінше, бұл инфляцияның артуына әсер етуде. Әрине сыртқы факторлар да бар. Әлемде негізгі азық-түлік бағасы 34 процентке қымбаттады. Көрші мемлекеттерде де инфляциялық өсім байқалады. Бірақ дегенмен біз бағаны ұстап тұруға бағытталған барлық шараны қолдануымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы