Қазақстанда қант жетеді

Отандық зауыттар қалыпты жұмыс істеп тұр. Бірақ алкогольсіз сусын өндірушілер шикізат тапшылығын сезініп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал қант өндірушілер қауымдастығы мемлекеттік квота дұрыс берілмейді деп дабыл қағуда.

СУСЫН ӨНДІРУШІЛЕР ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕЛДІ

Қант тапшылығынан 15 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін.  Өткен апатада алкогольсіз сусындарды өндірушілер осылай деп дабыл қақты. Олар Ресейдің қант экспорттын шектеуі, Қазақстандағы біраз кәсіпорынның жұмысына кедергі болады деп қауіптенеді.  Ал отандық қант зауыттары кәсіпорындарға қажет көлемді бере алмайтынынын алға тартты. Мәселенің анық қанығын біз қант қауымдастығынан сұрадық. Олар шамасына қарай тапсырысты орныдауға тырысатынын айтты. Бірақ сусын шығаратын кәсіпорындарға басқа қант қажет. Бұл «экстра» санаттағы өнім. Егер зауыттар "экстра" санатта көп шығарса, онда  TС1, TС2, яғни тауарлық санаттағы қант өндірісі азайып кетеді. Сондықтан біз жоспарланған көлемнен асырай алмаймыз",- деді қауымдастық президенті Айжан Наурызғалиева. Бұған қоса ол квота бойынша шикізат саудасындағы шикіліктерге тоқталды.

Айжан Наурызғалиева, Қазақстанның Қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті:

– Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақ қант пен шикізатты квота бойынша сатып алу керек деген ереже бар. Өңдеушілер өтініш берді. ауыл шаруашылығы министрлігі квотаны кімге мақұлдайтынын жариялауы керек еді. Бірақ өтініштердің көптігінен жағдай күрделене түсуде. Өткені  бұл шикізатты өндіріс үшін пайдаланатын өнеркәсіптік орындары мен қант зауыттарымен қатар, трейдерлер де осы тізімге кірген. Олардың араысында сатушылар болуы мүмкін. Соның салдарынан қант зауыттары қажет көлемінен әлдеқайда аз шикізат алып, логистикалық қиындықтарға тап болуы мүмкін. Себебі қант сататындар ешқашан аз мөлшерде тауар жеткізбейді. Ал министрлік квота алатындардың тізіміне трейтерлерді қосу Үкіметтің қаулысы екенін айтып ақталды.

ҚАНТ НАРЫҒЫ ИМПОРТҚА ТӘУЕЛДІ

Ішкі нарықты қантпен толық қамтамасыз ету үшін  егіс алқаптарын ұлғайту қажет. Суармалы егіс алқаптары көбейсе, біраз мәселе шешімін табады. Бұл туралы сала қауымдастығының президенті Айжан Наурызғалиева айтты.  «Алматы және Жамбыл облыстарындағы суару, су сақтау жүйесін жаңғырту, қайта құру қажет»,- дейді ол. Бұл зауыттарға қант қызылшасын өсіріп, өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Еске салайық, АШМ алдағы уақытта ішкі нарықтың 80%-ін өз өнімімізбен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бірақ былтыр ішкі өндіріс жалпы көлемнің тек 43%-тін құрады. Оның 12%-ті қызылшадан, 31%-ті шикі өнімнен алынған қант. Қауымдастық өкілінің хабарлауынша, қазір елдегі қант зауыттары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр және тауар тапшылығы жоқ. Екі ай бұрын болған логистикалық қиындықтар да реттелген.  Тек ішкі теміржол жүйесінде бірнеше күндік іркілістер бар.

Айжан Наурызғалиева, Қазақстанның Қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті:

– Тараз және Көксу зауыттары да жұмыс істейді. Олар бастапқыда берген квота бойынша шикізат алды. Меркі қант зауыты да қайта өңдеуді бастау үшін шикізат күтіп отыр. Олар мамырдың 20-на қарай жұмысқа кіріседі. Бәрі шикізаттың қаншалықты тез келетініне байланысты. Бізде үш зауыт жаз бойы жұмыс істейді.

КРИПТОВАЛЮТА ҚҰНСЫЗДАНДЫ

Өзге жаңалықтарға ойыссақ. Криптовалютаның құнсыздануынан биткоинға қаржы құйған инвесторлардың 40% шығынға батты. Бұл турал ыФорбс басылы хабарлады. IT-компаниялардың акциялары төмендегенен кейін әлемдегі ең танымал криптовалюта бағасы да түсті. Биткоин 55%-ке бір-ақ арзандады. «Bitcoin-ді жақында ғана сатып алғандарды қоспағанда, шығынға батқандардың саны бұдан да көп», - дейді сарапшылар.  Соңғы айда биткоин әмияндарының шамамен 15%-іне шығын келді. Айта кетейік, биткоин бағамы технологиялық алыптар және Nasdaq акцияларымен тығыз байланысты. Ал Glassnode сарапшылары соңғы сауда «жедел транзакциялардың» өсуіне себеп болғанын атап өтті. Онда инвесторлар транзакция уақытын тездету үшін ақы төлейді. Тізбектегі транзакциялар үшін төленген барлық комиссиялардың жалпы құны соңғы аптада 3 битокинге тең. Бұл блокчейн сарапшылар тіркеген ең үлкен көрсеткіш.

 

Сондай-ақ...