Қ.Тоқаев түрік кәсіпкерлерінің Қазақстандағы ірі инвестициялық жобаларымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапарының екінші күні түрік кәсіпкерлерінің Қазақстанда іске асырып жатқан ірі инвестициялық жобаларымен танысудан басталды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Арнайы ұйымдастырылған көрмеде Президентке Yildirim Group, Eczacıbaşı Holding, MFA Maske, Iskefe Holding, Tiryaki Holding, YDA Group, TAV Havalimanlari Holding, Kayatürk Group, Koç Holding, Atabay Kimya Sanayi Ve Ticaret AS, Panelsan, Isiklar, Çalık Holding, Goknur Gida сияқты компаниялардың жобалары таныстырылды.