Елдегі инфляция деңгейі 13,2%-тен асты

Азық-түлік бағасы бір жыл ішінде шамамен 18% қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе күнделікті тұтынатын қант пен күнбағыс майының құны қалтаны қақты. Бұл мәселе бүгін Үкімет отырысында қаралды. Премьер-министр әлемде қант, ет және сүт өнімдерінің бағасы шарықтап кеткенін айтып, біздің нарыққа тікелей әсер етіп отырғанын айтты. Қазір Үкімет 19 әлеуметтік маңызы тауарлар құнының өсіп кетпеуін қадағалауда. Дегенмен баға ырыққа көнбей барады. Азық-түліктің қымбаттауы салдарынан соңғы 6 жылда алғаш рет инфляция көлемі 13,2 % асты.