Мұнай-газ саласында отандық өнімдердің үлесі 11 процентке жетпек

Мұнай-газ саласының әлеуетін арттыру үшін өндіруші алпауыттардың техникалық жабдықталуына баса мән беру қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы ретте өндіріске қажет техникалық құрал-жабдықтарды сырттан емес, іштен алдырса, отандық машина жасау өндірісінің тамырына қан жүгірер еді. Энергетика, индустрия және инфрақұрылым салаларының өкілдері бас қосқан форумда дәл осы мәселелер талқыланды. Былтыр үш ірі мұнай-газ операторы мен мемлекеттік органдардың қолдауымен халықаралық машина жасау саласын дамытуға арналған орталық құрылған еді. Қысқа мерзім ішінде орталық 70-тен астам отандық машина жасау өнеркәсібін зерттеп, мұнай-газ операторларына қажет жабдықтардың тізімін жасақтаған.

Марат Кәрімов, халықаралық машина жасау саласын дамытуға арналған орталықтың бас директоры:

– Басты мақсаттардың біріншісі, операторлардан алынған ақпаратты біріктіріп талдау болып табылады. Сонымен қатар жергілікті нарықты зерттеу болып табылады. Тағы екі бағыты – отандық және шетелдік инвестицияны тарту. Және жергілікті мекемелердің көкейкесті мәселелерін талдап, шешу жолдарын зерттеп, шешу жолдарын мемлекеттік органдар мен ірі операторларға жеткізу болып табылады.

Импорттан бас тартып, қазақстандық мазмұнды ұлғайту үшін бірқатар түйткілді шешу керек. Атап айтсақ, мұнай-газ өндірісіне өз жабдығын жеткізу үшін жергілікті кәсіпорындардың тауары тиісті сертификатқа ие болуы тиіс. Алдағы 10 жылда жоғары сұранысқа ие болатын өнімдер тізімі анықталды. Демек отандық өндірісті дамытудың зор мүмкіндігі. 

Джанкарло Рую, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясының бас директоры:

– Жергілікті кәсіпорындар қажеттілігіміздің жақсы түсінсе дейміз. Бізге қанша өнім керек, оның техникалық сипаттамасы қандай болуы шарт деген мәселені жете ұғынғаны жөн. Ал бізге нарыққа деген көзқарасты өзгерту керек. Бұл ретте, машина жасау саласын дамытудың халықаралық орталығы шешуге рөлге ие болып отыр. Меніңше, орталықтың көмегімен міндетті түрде жаңа мүмкіндіктерге қол жеткіземіз.

Биыл мұнай-газ операторлары қазақстандық мазмұндағы өнімдердің үлесін 11 процентке жеткізбек ниетте. Тиісті шаруаны уақытылы атқару үшін мүдделі тараптар қажетті қарар қабылдады. 

Авторлары:Бақыт Топтаева, Артур Горшников