Бірқатар ірі компания мемлекет меншігіне өтті

Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың жетекшілігімен өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды.

Бұған дейін жауапты мемлекеттік органдарға салалық объектілер мен ұйымдарды жекешелендіру, жеке операторларды құру тапсырмасы берілген. Бірқатар коммуникациялық, инфрақұрылымдық және өндірістік компанияны мемлекеттік меншікке беру ұсынылды. Осылайша ұзындығы 178 шақырым темір жолға ие тағы 25 компания мемлекеттік меншікке қабылданып жатыр. Бұл осы салада делдалдардың жолын кесіп, бизнес шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыруды тапсырды.