Президент отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп жатыр

Бүгін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп жатыр.

Бұл шараға Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің басшылығы, құқық қорғау органдары мен бақылау-қадағалау функциясы бар мемлекеттік органдардың жетекшілері де шақырылған. Күн тәртібінде бизнестің құқығын қорғау, кәсіпкерлердің жаңа экономикалық саясатты іске асыруға атсалысу, шағын және орта бизнеске жүйелі қолдау көрсету мәселелері қарастырылуда. Кездесу қорытындысы бойынша Президент нақты шешімдер қабылдайды.