476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сауалнама: Кәсіпкерге не кедергі?

  • 115
  • UPD: 18:54, 20.05.2022

Кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтуге не кедергі? Түйіні тарқатылмаған түйіткілді мәселені осы бағытта жұмыс істеп тұрған мемлекеттік бағдарламалар шешіп береді деп ойлағанбыз. Десе де, кең тынысты тарылтатын кедергілер әлі де кездесетін көрінеді. Президент кәсіпкерлермен кездесуінде бизнестегі тұсауды сөзге тиек еткен болатын. Ал бұл жайлы қоғам не ойлайды? Елорда тұрғындарынан сұрап көрдік. 

БЛИЦ:

- Кәсіпкерлерге кедергі жоқ деп ойлаймын, Өйткені өзіміз де ИП ашып, кәсіпкерлікті бастап жатырмыз. Бізге ешқандай кедергі болып жатқан жоқ. Қазір бәрі онлайн түрде, оңай.

- Белгілі бір кәсіпті ашу үшін «артыңда мүмкін бір адамың болу керек» деген ойлар қоғамда бар. Сол бірден бір кедергі болады деп ойлаймын. Мәселен, жастар, мен қатарлы достарым немесе сыныптастарым өздерінің кәсіптерін ашқылары келеді. Бірақ кедергі – ол жоғарыдағы адамдардың басуы немесе кедергі жасауы. 

- Енді ондай-ондай болады, тексерістер болады. Бірақ барлығын заң жүзінде істесе қиындықтар жоқ деп ойлаймын, бәрі заңға бағынып істесе істеуге болады. 

- Президенттің айтқан барлық сөзімен келісеміз, бүгінгі күні тексерісті алып, белгілі бір адамдардың интересін қуалау бұған дейін болған шығар. Ендігі уақытта соның бәрі өткен шақта қалады деп ойлаймыз. Өзгерістер болады деп, бизнестің ары қарай дамуына, инвест-климат өзгереді деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы