Қазақстан алдағы 40-50 жылда мұнайға тәуелді болады

Қазақстан алдағы 40-50 жылда мұнайға тәуелді болады

Қазақстан экономикасы алдағы 40-50 жылда мұнайға тәуелді болады және экономиканы әртараптандыру мәселесі сақталады. Отандық сарапшылар осындай пікірде.

Алмас Чукинның айтуынша, бұл біз ойлағандай жаман емес.

"Өйткені мұнай жақсы табыс көзі әрі экономиканы қолдайтынын ұмытпау керек. Басқа салаларды, мысалы, өңдеу, қызмет көрсету салаларын дамытумен қатар мұнай саудасы да сақталады". 

LS порталына берген сұхбатында ол мұнайға тәуелділіктің теріс тұстарына да тоқталды. Соның ішінде сарапшы Ресейге мұнай транзиті бөлігінде тәуелділікті атап өтті.

Сарапшы: "Біз инфрақұрылыммен байланыстамыз. Егер біреу экономикалық емес, саяси себептермен құбырды жапса, бұл күрделі мәселеге әкеледі", - деді. Сарапшы наурыз-сәуір айларында Каспий құбыр консорциумындағы апатқа байланысты Қазақстан шамамен $300 млн доллар кірістен қағылғанын еске салды.