Дүниежүзілік банк: Әлемдік экономика өсімі төмендейді

Әлемдік жалпы ішкі өнім өсімі 2,9 пайызға төмендейді. Бұл туралы Дүниежүзілік банк өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаңтардағы болжам 4,1 пайыз болатын. Ал былтырғы өсім 5,7 пайызды құрады. Әлемдік экономиканың тежелуіне пандемия салдары және Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс себеп. Сарапшылар инфляция деңгейінің де артатынын ескертті.