476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстан мен ЕҚДБ 300 жобаны жүзеге асырды

  • 293
  • UPD: 23:55, 09.06.2022
Қазақстан мен ЕҚДБ 300 жобаны жүзеге асырды

Қазақстан Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен бірлесіп, құны 11 млрд доллардан асқан 300-ге жуық жобаны жүзеге асырды. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен шетелдік инвесторлардың кездесуінде айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар келешекте ел экономикасын әртараптандыру мәселелерін талқыға салды. Банк секторы мен көлік-логистика саласын дамыту бойынша екіжақты іс-қимылдар жайы талқыланды. Үкімет басшысы тиімді ынтымақтастықтың әрі қарай да жалғасатынына сенім білдірді. Банк президенті Одиль Рено-Бассо аталған секторларда Қазақстанмен ортақ жоба жасаудың әлеуеті зор екенін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы