Қазақстан декарбондау саласындағы жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады

Қазақстан шетелдік инвесторлармен декарбондау саласындағы жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов TotalEnergies SE француз мұнай-газ компаниясы өкілдерімен кездесіп, алдағы жоспарларды талқылады. Сондай-ақ тараптар мұнай-газ бен жел энергетикасы секторындағы ынтымақтастық жайына тоқталды.

Қазірдің өзінде компания Қашаған және Доңға жобаларына белсенді қатысып жатыр. Қызылорда және Жамбыл облыстарында күн энергетикасына қатысты екі бастама бар. Әлихан Смайылов Қазақстан шетелдік кәсіпорынға қолдау көрсетіп, инвестициялық жоспарларды бірлесіп іске асыруға дайын екенін жеткізді. Кездесуге J.P. Morgan инвестициялық банкінің өкілдері де қатысты. Қаржы ұйымының Ресей және ТМД елдеріндегі президенті Ян Тавровскиймен жаһандық макроэкономикалық ахуал, халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл және еліміздің әлемдік капитал нарығына шығу жөніндегі жоспарлары сөз болды.