Енді қосымша құн салығы тексеріссіз қайтарылады

Елімізге жасырын жолмен Ресейден жеткізілген бидай салық төлеместен үшінші бір мемлекетке экспортталатын. Енді бұған тосқауыл қойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Қайрат Миятов мәлімдеді. Көлеңкелі бизнестегі олқылықтарды жою үшін былтырдан бастап пилоттық жоба іске қосылды. Нәтижесінде бидай нарығы қатысушыларына қосымша құн салығын қайтарып беру рәсімі жеңілдеді. Қазір жобаға 20 шақты бизнесмен қатысып отыр. Барлық экспорттаушы мен қосалқы компания жайындағы ақпарат Палатаның сайтында жарияланады. Ал ғарыштан түсірілген фото бидайды егуден бастап элеваторға жеткізуге дейінгі процесті қадағалауға мүмкіндік береді. Әр шаруашылық қай кәсіпорынның қызметінде олқылықтың бар-жоғын бақылап, өз таңдауын жасай алады.

Қайрат Миятов ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

– Пилоттық жоба салықты қайтартын уақытты қысқарту, расхождение болса, айыппұлсыз мүмкіндік беру керек. Декларацияны толтырып, сол салықты қайтарады.