Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 6 трлн 554 млрд теңге кіріс түсті

ҚР премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Е.Жамаубаев кезекті Үкімет отырысында 2022 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіштері туралы баяндады.

Министр мәліметінше, мемлекеттік бюджетке 6 трлн 554 млрд тг сомасында (трансферттерді есепке алмағанда) кіріс түсті немесе жоспар 107%-ке орындалды.

«Республикалық бюджетке 4,4 трлн тг жуық кірістер (трансферттерді есепке алмағанда) түсті немесе жоспар 100,9%-ке орындалды.

Жергілікті бюджеттердің кірістері 122%-ке атқарылды және 2 трлн 154 млрд тг құрады.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары 99,1%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3%-ке атқарылды.

957 аудиторлық іс-шара өткізілді», – деді ол.

Сонымен қатар жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 721 объектіні сату көзделгені де айтылды.

«Есепті кезеңде жалпы саны 670 объектіден сомасы 61 млрд теңгеге 227 объект сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», – Жамаубаев.