Денсаулық сақтау министрі еліміздегі фармацевтика саласының дамуы туралы баяндады

Қазақстандық фармацевтика өнеркәсібі мемлекеттік қолдаудың арқасында тиімді инвестициялардың үлкен әлеуетіне ие болды.

Үкімет отырысында сөйлеген министр Ажар Ғиният осылай деп мәлімдеді.

«Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін фармацевтика өнеркәсібін дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітілді. Биыл қаңтар-мамыр айларында фармацевтикалық өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% өсті. Мемлекеттік қолдаудың арқасында отандық тауар өндірушілермен 10 жылға ұзақ мерзімді шарттар жасалды және ол сатып алу үлесін ақшалай мәнде 2010 жылы 15%-тен 2021 жылы 41%-ке дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді», – деді ол.