KASE: азаматтардың есеп-шоттары азайды

Қазақстан қор биржасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар саудасы қызды.

Өткен бес айда KASE-де 2 млрд теңгенің құнды қағазы сатылған. Мемлекеттік бағалы қағаздар саудасы қатты өскен. Тіпті көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 47% өсті. Бірақ биржадағы азаматтардың есеп-шоттары азайып кетті. Биыл мамырда акциялармен жасалған мәмілелерге тартылған жеке тұлғалар шоттарының саны өткен айға қарағанда 10%-ке төмендеді. Мамырдың соңында "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде" жеке тұлғаларға ашылған 350 мыңға жуық шот болды.