Отандық экспортқа қолдау артты

Экспорттық әлеуетіміз артып келеді. Өткен жылдың өзінде 90-нан аса өнеркәсіп «Байтерек» холдингіне қарасты «Қазақэкспорт» компаниясының қолдауымен алыс-жақын шетел нарығына шығуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы мақсатқа шамамен 200 млрд тг қарастырылған. Ал биыл мемлекеттік қолдау одан сайын артады. Сәйкесінше, сыртқа тасымалданатын тауар көлемі де айтарлықтай өседі, дейді мамандар. Дәл осы кондитерлік компания елімізде кеңінен танымал. Оның тәттілерін бертін келе ТМД елдері, одан кейін Қытай мен Германия, тіпті, Моңғолия жұрты да сатып ала бастады. Өйткені «Байтерек» холдингіне қарасты «Қазақэкспорт» компаниясы жан-жақты қолдау танытып жатыр.

Кәмила Қуанышбекова, «Алматинский Продукт» ЖШС сапа бөлімінің басшысы:

– Біздің фабрикада контитерлік өнімдердің түр-түрі жасалады. Оның ішінде кәипиттер, печеньелер, вафлилер, тіпті, халва да бар. Сұраныс артты. Сәйкесінше, жұмыс та жеткілікті.

Қостанайдағы агрохолдинг те «Казақэкспорт» компаниясынан 4 млдрд теңге қолдау алып, өнімдерін Қытай, Ресей, Өзбекстан және Иранға шығара бастады.

Ердос Тапаев, «Зерновая Индустрия» агрохолдингінің бас директоры:

– Бастапқыда 3 мың бас сиырымыз болған. Бертін келе оның көлемін 5 мыңға, одан кейін 12 мыңға жеткіздік. Ал қазір ірі қара мал саны 20 мың болды. Сәйкесінше, бұл еліміздегі ең ірі бордақылау алаңы саналады.

«Қазақэкспорт» компаниясы дәл осылай былтыр 93 компанияны, оның ішінде 26 жаңадан қосылған экспорттаушыны қолдаған. Ал биылғы жоспар одан да асып түсті, дейді мамандар.

Әлия Мырзағалиева, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ департамент директоры:

2 еншілес компаниямыз экспорттық қолдау көрсетеді. Ол Ол Даму банкі және «Қазақэкспорт» компаниясы. Биыл бізде 210 млрд теңгеге мемлекеттік кепіл қабылдайын деп отырмыз. Яғни сол арқылы ірі жобаларды, ірі мәмілелерді қолдауға мүмкіндік береді.

«Байтерек» холдингі, әсіресе, осы жаңа компанияларды тартып, экспорт әлеуетін арттыруға ерекше екпін жасап отыр.

Авторлары: Аслан Қаженов, Асхат Қарақойшиев