Қазақстан Башқұртстанмен іскерлік жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Еліміз Татарстанның «КАМАЗ» және «Татнефть» компанияларымен бірлесіп бірқатар жобаларды жүзеге асырмақшы. Петербург форумының алаңында біздің Президент Рустам Миннихановпен кездесіп, осы жайлы сөйлесті. Бұл маңызды жобалар Қазақстан аумағында жүзеге асырылмақшы. Осылайша еліміздің зауыттарын Ресейдікімен қатар дамытуға баса мән беріліп отыр. Биыл екі ел небәрі төрт ай ішінде тауар айналымын 143 миллионға жеткізді. 

Рустам Минниханов, Татарстан Республикасының Президенті:

- Менің биылғы Татарстанға жасаған сапарым қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтуға тың серпін берді. Сол жолғы уағдаластықтарымыздың нәтижесін көріп отырмын. Бәрі де бақылауда болады. 

Рустам Минниханов, Татарстан Республикасының Президенті:

- Татар компанияларының қазақстандық серіктестерімен байланыс орнатуға қолдау көрсетіп жатқаныңыз үшін сізге алғыс айтамын. Біз де Қазақстан компанияларының Ресей нарығына Татарстан арқылы кіруіне бар жағдайды жасауға тырысамыз. Қолдау көрсетуге дайынбыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев башқұртстандық бизнесмендерді де бізбен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Ел басшысы Радий Хабировпен кездесіп, сауда-экономикалық, өнеркәсіп, инвестиция және мәдени-гуманитарлық саладағы мәселелерді талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біз Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы іскерлік жобаларды дамытуға мүдделіміз. Сондықтан сіздердің компанияларыңыздың жетекшілерін Қазақстанға шақырамын. Біз барлық жағдайды жасаймыз. Бұған қызығушылық танытып отырмыз. Егер сіздердің тарапыңыздан индустриялық әлеуеті зор бірлескен жобалар ұсынылса, жұмысымыз жемісті болады деп ойлаймын.

Радий Хабиров, Башқұртстан Республикасының басшысы:

- Бұл біз үшін де өте маңызды. Қазір қол қусырып отырғанымыз жоқ. Менің Қазақстанға сапарым барысында бірқатар келісімдер жасалған болатын, соның бәрі жүзеге асырдық. Ең бастысы, өзара қарым-қатынас инфрақұрылымын жолға қойдық.