Солтүстік аймақтардағы іскер әйелдер өңірлік форумда бас қосты

Солтүстік аймақтардағы іскер әйелдер өңірлік форумда бас қосты

Жиынға қатысушылар ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселесін талқылады.

Мұнан бөлек ауылдағы өмір сүру сапасын арттыру, жұмыссыздықпен күрес, мемлекеттік бағдарламалар төңірегінде әңгіме қозғалды. Кәсіп бастаған қыз-келіншектерге сала мамандары тиісті кеңестер беріп, сарапшылар республика аясында жүргізілген сауалнаманың нәтижесімен бөлісті. Форумның мақсаты әйелдердің әлеуметтік белсенділігін арттыру және оларды насихаттау. Сондай-ақ толғандырған мәселелерге жауап іздеу.

Айта кетейік, осы форумдардың қорытындысы бойынша күзде Ауыл әйелдерінің V республикалық форумы өтеді.