Қызылордада қант қымбаттады. LIVE

Соңғы аптада Қызылорда облысында да қант бағасы 4,5 процентке қымбаттады.

Бұған дейін өңірге жеткізілген арзан қант қорының таусылуы және жеміс-жидек пісіп, жаппай тосап дайындау науқанының басталуы бағаға да әсер еткен. 

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Бұған дейін әлеуметтік дүкендерде 1 келі қант 263 теңгеден сатылған еді. Қазір 370 теңге болды. 107 теңге қосылған. Дегенмен, басқа сауда орындарынан әлдеқайда арзан. Өзге дүкендердегі орташа баға бүгінде 491 теңгені құрап отыр. Әлеуметтік дүкенге түсетін қантты сағаттап күтетіндер көп. Тіпті ұзынсонар кезекке тұрады. Мынадай әр дүкенге күніне 150 келідей қант жеткізіледі екен. Оны тұрғындар әп-сәтте талап алып кетеді. Қант тапшылығының негізгі себебі Ресей мен Украина арасындағы қалыптасқан жағдайға байланысты, дейді мамандар. Олардың айтуынша, Қызылорда облысы қант нарығында импортқа тәуелді. Өңірге бұл өнім түрі Жамбыл, Алматы облысындағы қант заводтарынан және Ресей елінен тасымалданады екен. Сонымен қатар тосап консервілеу кезеңі басталып, тұрғындар қант өнімін жаппай сатып алуда. Бұл да жыл сайын осы жазғы кезеңде бағаның жоғарылауына әкелетіні түсінікті. Өңірде тұрақтандыру қорына 272 тонна қант сатып алынып, 38 әлеуметтік дүкен мен 14 әлеуметтік бұрыш арқылы 370 теңгеден тұрғындарға ұсынылуда. Бүгінгі күні облыс бойынша жалпы қоры 247 тонна қант бар. Сонымен қатар тікелей қант зауыттарынан 680 тонна қант өнімін сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жыл аяғына дейін 3315 тоннасын сатып алу жоспарланған.

Сондай-ақ...