Қазақстан – Катар: қос ел арасындағы байланыс нығаяды

Жақын күндері Катар елімізге агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды талқылау үшін арнайы топ жібермек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Катар Әмірі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде мәлімдеді. Көшбасшылар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын жан-жақты талқылап, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға өзара ниетті екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы ықпалдастықты жандандыруды ұсынып, Қазақстан компаниялары Катар бизнесімен тығыз ықпалдастық орнатуға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ шейх Тамим бен Хамад Әл Тәниді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.