Шетелдік инвестициялар ағыны бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр

Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Айдаровтың мәліметінше, шетелдік инвестициялар ағыны бойынша Қазақстан 46% үлесімен Орталық Азияда көш бастап тұр.

2021 жылы Қазақстанға негізгі инвесторлар ретінде Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Ресей Федерациясы, Қытай, Бельгия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия және Франция кірді.

«Барлық негізгі сала бойынша өсім байқалды: тау-кен өнеркәсібінде – 18,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 65,4%, саудада – 46,7%, қаржы және сақтандыру қызметінде – 57,2%, құрылыста – 37,8%.

Президенттің тапсырмасы бойынша биыл сәуір айында елімізде іске асырылып жатқан барлық инвестициялық жобаның бірыңғай пулы қалыптастырылды. Бүгінгі таңда пул жалпы көлемі 24,4 трлн теңгені құрайтын 765 жобадан тұрады және 112 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейді», – делінген мәліметте.