476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Үкіметте Қазақстанның инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасы бекітілді

  • 202
  • UPD: 10:20, 23.06.2022
Үкіметте Қазақстанның инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасы бекітілді Үкімет

Үкіметтің кезекті отырысында Қазақстанның инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы қаралып, бекітілді. 

Тұжырымдамада көзделген негізгі нысаналы индикаторлар туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтып берді. Құжатта 2026 жылы негізгі капиталға инвестициялар деңгейін ЖІӨ-нің 25,1%-ына дейін жеткізу және тікелей шетелдік инвестициялар көлемін $25,5 млрд-қа дейін ұлғайту көзделген.

Т. Жақсылықовтың сөзінше, осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Тұжырымдама инвестициялар құрылымын қосылған құны жоғары тауарларды өндіруді бәсекеге қабілетті болатындай етіп өзгертуге мүмкіндік беретін жаңа трендтерді ескере отырып, инвестициялар тарту саясатын қайта қарау жөніндегі шаралар кешенін көздейді, делінген Үкіметтің баспасөз қызметінде.

«Инвестициялық дамудың негізгі пайымы әрбір саланың экономиканы дамытуға қосқан үлесін ескере отырып, инвестициялар тартуға теңдестірілген тәсілден тұрады. Өңдеу өнеркәсібі бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басты драйвері болып табылады», — деді ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Хабар 24 телеарнасы