Басқа елдерден қант сұратып жатырмыз – Бақыт Сұлтанов

Қазір елде 350 мың тонна қант бар. Бұл жыл соңына дейін жетпеуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан ел үкіметі өзге елдерден қант сұратып жатыр. Мұны Сауда және интеграция министрі айтты. Бақыт Сұлтанов қант өндіруде әлемде Бразиялияның, Үндістан және Вьетнамның жетекші елдер екенін айтты. Осыған дейін біздің тарап Үндістанмен келіссөз жүргізген екен. Алайда олар да қант тасымалдауға уақытша шектеу қойып тастаған. Сол себепті басқа елдермен келісімге келуге тура келіп тұр. Әлі шамамен 100 мың тонаға жуық қант қажет.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі

- Бүгінгі күні Ресей тарапынан қантты және басқа да тағамдарды шығаруға шектеулер қойылып отыр. Бұл мәселені біз ЕАЭС шеңберінде талқылап отырмыз. Қазір логистиканы өзгертіп, басқа елдерден тартып отырмыз.

 

 

 

Сондай-ақ...