Халықтың банктерге қарызы 11 триллион теңге

Халықтың банктерге берешегі 11 трлн теңге. Мұның ішінде ипотекалық қарыз 4 трлн теңгеге жуықтаса, тұтынушыларға берілген несие көлемі шамамен 7 трлн теңге. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Парламент Сенатының жалпы отырысында айтты.

Мадина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы:

- Былтыр жеке тұлғаларға берілген несие көлемі 40 процентке өсіп, оның ішінде ипотекаға берілген қарыздар 39,3 процентке өсті. Тұтынушыларға берілген қарыздар 39,9 процентке өсті.