Президент: Шетелден инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру керек

Мемлекет басшысы бұл туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдау кезінде айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі жаңа рөлі Astana Finance Days халықаралық конференциясында талқыланады. Осы іс-шараға дайындық жайында Президентке «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов баяндады. Алдымен былтырғы атқарған жұмысының нәтижелерімен таныстырды. Одан кейін алдағы жиын аясында қазіргі экономикалық жағдайдың мейлінше маңызды мәселелері көтерілетінін жекізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметпен, Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тығыз ықпалдастық орната отырып, шетелден ел экономикасына инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.