Елімізде құс еті қымбаттады

Бір жылда елде құс еті 30 проценттей қымбаттады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тұтыну көлемі де 18,3 процентке көбейді. Биыл бірінші тоқсандағы есеп бойынша бір адам 1,2 келі құс етін жеген. Сиыр етіне сұраныс 6,4 процентке, жылқы еті 3,1, қой еті 1,1 процентке көбейді. Energyprom мәліметіне қарағанда отандық құс фабрикалар сұранысты 90 процент қанағаттандырды. Республика бойынша 342 мың тонна ет шығарған.

Айта кету керек, бір қазақстандық үш айда 11 жарым келі ет жейді екен.

Айта кетейік, елде бірінші шілдеден бастап тауық жұмыртқасына субсидия қабылдау басталады. Мемлекет бір жұмыртқа үшін 3 теңге береді. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 6,5 миллиард теңге бөлінген.