Мұнай мен газ биржада сатылуы мүмкін

Мұнай өңдеу зауыттары шикізатты тікелей өндірушілерден алуы керек.

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен экономиканы монополиясыздандыру бойынша комиссия отырысында осындай ұсыныс айтылды. Сондай-ақ қара алтын мен газ биржада сатылуы мүмкін. Отырыста азаматтық авиация қызметіндегі монополия салдары пысықталды. Қазір елдегі авиаотын биржада сатылып жатыр. Оның үлесі 10-нан 20 процентке артады.