Әлихан Смайылов Екатеринбургте ресейлік компаниялардың басшыларымен кездеседі

Әлихан Смайылов Екатеринбургте ресейлік компаниялардың басшыларымен кездеседі
PrimeMinister.kz

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов бастаған қазақстандық делегация Екатеринбург қаласына барды.

Онда делегация XII «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысады.     

Сондай-ақ көрме аясында Әлихан Смайылов РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізіп, ірі ресейлік компаниялардың басшыларымен кездеседі.