Мұнай тасымалдау ісін әртараптандыру – маңызды міндет – Президент

Бұл туралы Мемлекет басшысы мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Транскаспий бағдары еліміз үшін басым бағыт болып саналады. Осы ретте Президент «ҚазМұнайГазға» оны жүзеге асырудың оңтайлы нұсқасын, соның ішінде Теңіз жобасының инвесторларын тарту мүмкіндігін пысықтауды тапсырамын. Үкімет «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп, Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының қуатын арттыру жөнінде шаралар қабылдауы қажет», – деді Президент.

АВТОЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Бүгінгі жиында автожол инфрақұрылымын дамыту мәселесі де сөз болды. Мемлекет басшысының айтуынша, ең алдымен, құрылысы басталған магистральды бағыттардағы (Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат, Атырау – Астрахань, Алматы – Қарағанды және Талдықорған – Өскемен) қайта жаңарту жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау қажет. Бұдан бөлек Үкіметке жыл соңына дейін кедендік рәсімдеу үдерісін және шекаралық бақылауды толық автоматтандыру тапсырылды.