Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай экспорты қайта жанданды

Қазақстан мұнайы Каспий құбыр консорциумы арқылы штаттық режимде экспортталып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күні кеше консорциумда мұнай экспортының бір айға тоқтатылғаны белгілі болды. Өйткені Приморск аудандық соты 5 шілдеде қара алтын тасымалын уақытша шектеу туралы үкім шығарған. Бірақ өндірістік процестің үздіксіз циклын ескере отырып, консорциум судья қаулысының орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхатпен сотқа жүгінді. Қазірдің өзінде кәсіпорын «Ространснадзордың» ұйғарымында көрсетілген құжаттық бұзушылықтарды жою үшін Ресейдің мемлекеттік органдарымен жұмыс істеп жатыр.