Ә.Смайылов: Бизнесті негізсіз жауапкершілікке тартпау керек

Бизнеске еркіндік керек. Алайда саланың серпілісіне кедергі көп. Соның бірі – кәсіпке қойылған формальды талаптар. Негізсіз ережелерді алып тастауға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов кәсіпке мемлекеттік бақылау мен қадағалауды автоматтандыру мәселелері жөніндегі кеңесте осылай деді. Тексеруші органдар осы талаптарды алға тартып бизнесті жауапкершілікке тартпауы керек. Қоғамдық тамақтану, сауда, қонақ үй қызметтері, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы реттеуші актілерге жүргізілген талдаудың қортындысы артық талаптардың көптігін көрсетті. Премьер-Министр тиісті органдарға қазақстандық нормативтік-құқықтық базаны артық талаптардан тазарту жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.