«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі жаңғыртылып жатыр

Қазақстандық топ сала бойынша әлемде үздік саналатын Түрік Палаталар және биржалар одағының жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түрік ағайындарда кеден, цифрландыру, несие беру, тасымалдау секілді кәсіпкерлікті ынталандыру бағдарламалары сәтті жүзеге асып жатыр.  Сондай-ақ ұлттық палата екі ел арасында электрондық қолтаңба енгізіп, сауда жасауды жеңілдетуді мақсат етіп отыр. Осыған байланысты, қос мекеме «өзара электронды қолтаңба» бірлескен жобасын бастамақ.

Айта кеткен жөн, 1950 жылы құрылған Түркие Палаталар және биржалар одағының бүгінде 1,5 млн мүше компаниясы мен 81 провинцияда 365 жергілікті палатасы бар.

Хачан Чағлайан Дүндар, TOBB төраға кеңесшісі:

- Атамекендегі бұл өзгерістерді жақсы қабылдаймыз. Бүгінгі жиында Түркие Палаталар және биржалар одағы мен Атамекен қандай жұмыстарды атқара аламыз, сервисті одан әрі жоғарғы деңгейге көтеру жолдарын кеңінен талқыладық. Нақты жол картасын анықтадық. Мұны іс жүзінде жүзеге асқанда Қазақстанның бизнес әлемінде оң өзгерістер орын алады. Бұл тек ел емес өңірге де елеулі әсер етеді.

Мақсат Қиқымов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының бірінші орынбасары:

- «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында трансформация жұмыстары өтіп жатыр. Біз қазір заң жүзінде өзгерістер жоспарлап отырмыз. Бұл тұрғыдан, үлгі ретінде ТОББ палатсының жұмысы біз үшін маңызды болды. Былайша айтқанда, әлемде мықты дамыған палаталардың бірі осы ТОББ деп ойлаймын. Сол үшін бүгінгі 3 сағаттық кездесу жоғарғы деңгейде өтті. Қазір біз оларға 73 сұрақ жолдап отырмыз. Жауаптарын жаңа кездесуде алдық. Бір айдың ішінде кәсіби департаментпен жұмысты атқаруға тырысамыз.