Павлодар мұнай-химия зауытына бас директор тағайындалды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының шешіміне сәйкес «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры (Басқарма төрағасы) болып Қуаныш Ердәулетұлы Бишімов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазМұнайГаз сайты. 

Кәсіпорын ұжымына Павлодар МХЗ жаңа басшысын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу және мұнай-химия департаментінің директоры Дмитрий Макеев таныстырды.