60 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алды

Елімізде жыл басынан 60 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алды. Оның 50 мыңына биыл төлем алғаш рет тағайындалды. Мұндай жәрдемақы жұмыстан қай себеппен босатылғаныңа қарамай тегіс беріледі. Заңнамаға сәйкес, жұмыссыз қалған қызметкер Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан 1 айдан 6 айға дейін, демек, жұмыс тапқанша төлем алуға құқылы. Сомасы қызметкер жоғалтқан табыстың 40%-іне тең. Азамат eGov.kz порталы немесе Электронды еңбек биржасы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелуі қажет. Жұмыссыздарды тіркеу және жұмыспен қамту бойынша өзге де мемлекеттік қызметтер электронды цифрлық қолтаңба арқылы онлайн рәсімделеді.

Графика:

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ /1 ШІЛДЕ 2022 Ж/

тағайындалды - 59,8 мың адам

алғаш рет - 50 мың адам

 

МӘСҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУ

өтілі - соңғы 24 ай

табыс - 40% дейін

мерзімі - 1-6 ай

 

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДІ ТАҒАЙЫНДАУ

- eGov.kz порталында тіркелу;

- "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;

- ЭЦҚ арқылы өтінім жіберу;

- 3 күн ішінде "жұмыссыз" мәртебесі беріледі

- келісім SMS-хабарлама арқылы