Экономист: Елдегі инфляцияның жоғары болуы халықаралық экономикаға байланысты емес

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті инфляцияның өсуін әлемдік экономиканың бәсеңдеуімен байланыстырды. Сондай-ақ жиында қымбатшылық қарқынын ескі әдіспен тежеу мүмкін еместігі сөз болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы ретте, экономист Меруерт Махмұтова пікір білдірді. Маман жыл соңына дейін қазіргі көрсеткіш 20%-ке дейін ұлғаю қаупі барын айтты. Сондықтан инфляцияға индексация жасау керектігін алға тартты. Бұған қоса, орта және шағын бизнеске қолдау білдіріп, мемлекет бюджетінің шығысын азайту жағдайды анағұрлым жақсартатынын жеткізді.

Меруерт Махмұтова, экономист:

– Еліміздегі инфляцияның жоғары болуы халықаралық экономикаға байланысты емес. Менің ойымша, бұл тікелей біздің ішкі өндірістің тапшылығын көрсетеді. Күн сайын азық-түлік өсіп жатыр. Ол неге өседі десек, бізде соңғы жылдары Еуроодаққа мүше болып кіреміз деп, өнімнің 50 пайыздан астамы Ресейден импортталып отыр. Біріншіден, бізде ауылшаруашылықты, тағам, азық-түлік мәселесін шешпей, оның өндіріс ұлғайтпай, біз ішкі тағам бағасын күннен-күнге өсе беруін қысқарта алмаймыз.